Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда «Жайлы мектеп» жобасы аясында орта білім ордасы ашылды

Петропавлдағы «Орман» шағынауданында  600 орындық орта білім ордасы ашылды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу орны «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қолданысқа берілді.

Жаңа мектепте «Орман», «Борки, «Солнечный», «Юбилейный» және жаңа «Бірлік» шағынауданының балалары үшін  ыңғайлы әрі жайлы білім мекені жасалған. Мұғалімдер қауымын, ата-аналар, ардагерлер мен оқушыларды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов маңызды білім ошағының ашылуымен құттықтап, мектептің жабдықталуын қарады.

Жайлы мектепте физика, химия, информатика, биологияға арналған арнайы кабинеттер, STEM зертхана, робототехника мен интерактивті тақталар қойылған. Оған қоса, 2 спортзал, заманауи шеберханалар, акт залы, көпсалалы спорт алаңы мен би залы бар. Ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға да қолайлы жағдай жасалған, инклюзия және логопед кабинеті жұмыс істейді.

— Заманауи технологиялар мен  озық үлгідегі жабдықталу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сапалы білім алуына негіз болады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы  – өңірдің білім жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Біздің өңірде заманауи мектептердің саны көбейе түседі.  «Береке» шағынауданында 600 орындық тағы бір жайлы мектеп салынуда, — деп атап өтті өңір басшысы.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *