Жол-көлік оқиғасы: Бір адам қаза тапты
Шал ақын ауданында аумағында тіркелген жол-көлік оқиғасы кезінде бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды. Бұл туралы СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция ақпаратына сәйкес, 4 қараша күні Шал ақын ауданы Арай ауылының маңында жергілікті маңыздағы жолда «ВАЗ 2107» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қиыршық тастардың үйіндісіне барып соғылған.
Алған жарақаттардың салдарынан 2024 жылы туған көліктегі нәресте медициналық мекемеге бара жатқан кезде қайтыс болды. «ВАЗ 2107» автокөлігінің жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас болмағанын көрсетті.
Осы факті бойынша полиция қызметкерлері қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі тергеуді тағайындау үшін материалдар жинап жатыр. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданбақ.

