Жарияланған күні: 13.11.2024
Солтүстікқазақстандық бесасықшы қыз жеңіске жетті
Туркияның Анкара қаласында асық спортынан халықаралық деңгейдегі жарыс өтті. Әлем кубогында ел намысын солтүстікқазақстандық жас спортшы да қорғады. Жерлесіміз, бесасықшы Камила Сексембай жеңіс тұғырынан көрінді.
Камила 2016 жылдан бастап Ағжан Сұрағановтың қарамағымда жаттығуда. ҚР бірнеше дүркін чемпионы,жүлдегері атанып. ҚР құрама командасына енді. Ол 1997 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Дайындық ауылында туған.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Ағжан Сұрағановтың тағы бір шәкірті Сәния Әскер бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының асық спортынан чемпион атанған болатын.