Жарияланған күні: 17.11.2024
Солтүстікқазақстандықтар Геннадий Зенченкоға құрмет көрсетті
Ауыл шаруашылығы саласындағы ерекше жетістіктері үшін «Қазақстанның еңбек ері» атағы «Зенченко и К» КС бас директоры Геннадий Зенченкоға берілді.
Жоғары атақты Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбекерлерінің бірінші форумында табыс етті. Бүгін облыс жұртшылығы Геннадий Геннадьевичке құрмет көрсетіп, мемлекеттік награда алуымен құттықтады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бұл атақ — солтүстікқазақстандық диқанның еңбегіне берілген жоғары баға деп атап өтті.
— Геннадий Геннадьевич Зенченко – ауыл шаруашылығы саласында даңқты еңбек әулетін жалғастырып келе жатқан елімізге танымал тұлға. Оның агроөнеркәсіптік саладағы басшылығы, еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға деген адалдығы мен елеулі үлесі зор алғысқа лайық. Құрметті атақ – Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі мен өркендеуіне үлес қосып жатқан еңбек адамына құрмет пен алғыстың көрінісі, — деп жазды өңір басшысы.