Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 10 мас жүргізуші ұсталды

Петропавл қаласында және облыс аудандарында 10 мас жүргізуші анықталды. Олардың барлығы әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Жүргізуші медициналық куәландырудан бас тартқан жағдайда 15 тәулікке қамаққа алынып, ұзағырақ мерзім – 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы көзделген.

Дәл осы жаза 29 жастағы жүргізушіге қолданылмақ. Ол ВАЗ-21070 автокөлігін жүргізіп келе жатқан жерінде облыс орталығындағы орталық көшелердің қиылысында тоқтатылды. Оны тексерген кезде ащы судың иісі шығып тұрған, бірақ ол медициналық куәландырудан бас тартқан.

– 10 айдың ішінде мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан бір адам қаза тапты, 24 адам жарақаттар алды. Көлікті мас күйде жүргізу – жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзұ. Мұндай фактілердің жолын кесу бойынша жұмыстар ұдайы жүргізіліп тұрады, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

СҚО-да алкогольдің ірі партиясы тәркіленді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *