Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдықтар «Үміт» клубының би бөлімшесін қайта ашуды талап етуде

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» клубы жанынан жұмыс істеп келген спорттық бал биі секциясы биыл қатысушылардың аздығына байланысты жабылып қалды. Аталған үйірмеге қатысып келгендердің тағдырына бей-жай қарай алмайтын шаһар тұрғыны «AMANAT» партиясы СҚОФ филиалының қоғамдық қабылдауына жүгінді.

Вернуть секцию танцев в клубе «Үміт» просят жители Петропавловска

23 жасар Мира Әбитова 2-ші топтағы мүгедек. Ол соңғы жылдары №13 мектепте би өнерімен шұғылданып келген. Бұл оған үлкен қуаныш сыйлап, дамуына айтарлықтай ықпал еткен. Алайда, аталған секцияның жабылуына басқа фактар себеп болуы мүмкін. Облыстық мәслихат депутаты Владимир Эрманның айтуына қарағанда, арбада орындалатын спорттық бал биі спортқа емес, мәдениет саласына жатады.

— Бұл секцияда шын мәнінде екі жұп қана шұғылданып келді. Алайда «Үміт» спорт клубы спорт басқармасына қарағандықтан спорттық бал биі бағыты енді бұл жерде болмайды. Сондай-ақ клубта би жаттықтырушысы жұмыс істей алмайды, өйткені ол мәдениет саласына жатады. Егер мәдениет басқармасы немесе қалалық мәдениет бөлімі бұл секцияны өз қамқорлығына алса бұл мәселені шешуге мүмкіндік бар, — деді Владимир Эрман.

Енді бұл мәселені аманаттықтар қолға алды. Аталған проблеманың шешудің бірден бір жолы — қалалық әкімдікке жүгіну. Партия өкілдерінің пікірінше, әкімдік тез арада бұл мәселені шешіп, би үйірмесіне орын табуға көмектесе алады.

— Қала әкімімен, әкімнің орынбасарымен сөйлесіп, ақылдасамыз. Арнайы жабдықтар мен арбалар бар, енді тек орын табу қажет. Қала әкімдігінде мәдениет пен спорт бір бөлімге біріктірілген бұл мәселені тез арада шешуге болады. Біз аталған проблеманы назарда ұстайтын боламыз, — деді «AMANAT» партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау барысында партия өкілдері мен мемлекеттік органдарға 4 адам жүгінді. Олар 2-ші топтағы мүгедектер үшін жұмыс уақытын қысқарту, мүгедектікті беру процесін жеделдету және гигиена құралдарымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек сұрады.

СҚО-да 10 мас жүргізуші ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *