Петропавлда синтетикалық есірткі таратқандар ұсталды
Петропавлда есірткі тараттты деген күдікпен жігіт пен қыз ұсталды. Олардан полицейлер жалпы салмағы 129 мефедрон мен α-PvP психотроптық заттарды тәркіледі.
Күдіктілерді тәртіп сақшылары қазан айында құрықтаған болатын. 32 жастағы петропавлдық жігіт пен 19 жастағы студент қыз синтетикалық есірткі таратты деген күдікке ілінді. Полицейлер оларды ер адамға тиесілі Mercedes автокөлігінде ұстады. Автокөліктен психотроптық зат салынған 30 түйіншек тәркіленді, тағы 72 түйіншек күдіктілерден өздерінен табылды.
Қыздың тұрғылықты жерінен 27 грамм есірткі табылды. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары ер адам жұмыс кеңсесінен бұрын ішінде ұнтақ тәрізді зат болған бос зип-лок қалташаларын тапты. Жалпы барлығы 129 грамм мефедрон және α-PvP психотроптық заттары тәркіленді.
— Күдіктілер есірткіні аса ірі мөлшерде өткізгені үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.