Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы көңіл көтеру орындарының бірінде 8 кальян тәркіленді

23-25 қараша аралығында Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара шеңберінде қоғамдық орындарда заңдылықтың сақталуы ерекше бақылауда болды.

Облыс орталығындағы ірі көңіл көтеру орындарының бірінде келушілердің кальяндарды жаппай пайдалану фактісі анықталды. Бұл факті бойынша 13 хаттама толтырылды. Бардың әкімшілігі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары шегуге арналған сегіз құрылғыны тәркіледі.

– Іс-шараның үш күні ішінде облыста қоғамдық тамақтану орындарында адамдар кальян пайдаланғаны үшін 30 хаттама толтырылды. Іс-шара кезіндегі жұмыс қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде қоғамдық тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған, – деп хабарлады СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Басқарманың жаңа басшысы — Ерден Шортыбаев

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *