Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда мас жасөсіпірімдер анықталды

Петропавлда полицейлер түнгі уақытта тыныштықты бұзу туралы қоңырау бойынша шара қабылдау үшін Астана көшесіндегі үйлердің біріндегі жалдамалы пәтерге барды. Ақпаратты тексеруге келген полицейлер ішімдік ішіп алған жастардың үстінен түсті. Алкогольді емін-еркін ішіп жатқан алты адамнан құралған жастар тобы көршілердің тынығуына кедергі келтірген. Тыныштықты бұзушылардың бір-екеуі тәртіп сақшыларынан балконда жасырынуға тырысқан.

Көңіл көтеріп жатқандардың төртеуі кәмелеттік жасқа толмаған болып шықты, екі жасөспірім мас күйде болған. Хаттамаға қол қойдырып, балаларын алып кету үшін полиция қызметкерлері ата-аналарын шақыруға мәжбүр болды.

– Солтүстік Қазақстан облысында демалыс күндерінен бастап тәртіп сақшылары жасөспірімдердің түнде жүруінің 48 дерегін және қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйде жүруінің 161 фактісін анықтады. 23-25 қараша аралығында облыста «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Адамдар көп жиналатын жерлерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бақылау күшейтілді, – дейді ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Сондай-ақ 3 күн ішінде түрлі 829 құқық бұзушылық анықталды. Есепте тұрған 1 мыңнан астам адам, қараусыз қалған 418 үй, 529 азаматтық қару иесі тексерілді. Жалпы, алдын алу шаралары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталған полиция жұмысының барлық негізгі бағыттарын қамтиды.

Петропавлдағы көңіл көтеру орындарының бірінде 8 кальян тәркіленді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *