Петропавлда қызыл жалын бір әйел адамның жанын құшты
Петропавлдағы жеке тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, үйдің иесі 42 жастағы әйел қызыл жалын құрбаны боллды. Бұл туралы СҚО ТЖД мамандары хабарлады.
Қайғылы оқиға Воровской көшесіндегі үйлердің бірінде тіркелді. Өрт жайлы хабар қарашаның 26сы күні сағата 4:25-те 101 нөміріне келіс түсті. Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, отты ауыздықтауға кірісті. Десе де, бір адамның өмірін арашалап қалуға мүмкіндік болмай шықты. Баспанадан ес-түссіз жатқан екінші топтағы мүгедек әйел шығарылды. Бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады.
— Үйден 1982 жылғы келіншек шығарылды. Ол үй иесінің келіншегі екен. Неден көз жұмғаны әлі анықталуда. Өртті мамандар 20 минут ішінде ауыздықтап үлгерді. Баспананың шатыры, ас үй мен жатын бөлмесі, кіре берісі жанып кетті. Жалпы от 50 шаршы метр алаңды шарпыды, — дейді баспасөз қызметі.