Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+15°C
Морось
Источник погодных данных: Ауа райы
15:03:36Вторник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Су тасқынымен күресуге келген құтқарушылар марапатталды

Петропавлдағы М.Жұмабаев көшесі бойында салтанатты жиын өтті. Қаз-қатар тізілген өзге өңірлердің құтқарушыларды облыстан шығарып салу рәсімі ұйымдастырылып, оларға сый-құрмет көрсетілді. Шараға ҚР ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, құқық қорғау органдарының, әскери құрылымдардың басшылары мен жұртшылық қатысты.

— Құтқарушылар күрделі су тасқыны кезеңінде көмекке келіп, өңіріміз үшін сенімді тірек болды. Олар тәулік бойы, тізеден мұздай суда тұрып, дауыл мен суыққа қарамастан, бөгеттерді бекітіп, ауылдар мен адамдарды сақтап қалды. Солтүстікқазақстандықтардың атынан әрбір құтқарушыға ризашылығымды білдіремін,- деп атап өтті облыс әкімі.

Өңір басшысы жігіттердің ата-аналары бен отбасыларына шын жүректен алғыс айтты. Олардың тәрбиесі арқасында елімізде осындай батыл, рухы мықты, нағыз қорғаушылар өсіп шықты. Облыс әкімі кәсібилік, төзімділік пен адамгершіліктері үшін рақмет айтып, ақ жол тіледі.

Петропавлға Премьер-министрдің кеңесшісі келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *