Тылеңбеккерлеріне мерейтойлық медальдар табысталды
Облыстық әкімдікте салтанатты жиын өтті. Шарада арнайы соғыс жылдарына арналған көрме ұйымдастырылып, тылеңбеккерлеріне сый-құрмет көрсетілді.
Кездесуді ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тыл ардагерлерімен тілдесіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға атсалысқандарға алғысын білдірді.

Шарада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тылеңбеккерлеріне мерейтойлық медальдар табыс етілді. Бұл соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі мен Жеңіске қосқан үлесі үшін құрмет белгісінің көрнісі. Ардагерлер сол ауыр кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісті.
— Сіздердің төзімділіктеріңізге, рух күшіңізге және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңізге бас иеміз. Сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп келеміз. Сіздерге мың тағзым және мәңгілік алғыс!- деп атап өтті өңір басшысы.

Тыл ардагерлерінің еңбегі — бұл майдандағы ерлікпен тең. Соғыста жауынгерлер шайқасып жатқанда, балалар, жас жігіттер мен қыздарғ әйелдер егістікте, колхоздарда, зауыттарда, теміржолда тынымсыз еңбек етті. Күн-түн демей, тер төгіп, алғы шепті азық-түлік және қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп, табандылықпен Жеңісті жақындатты.

