Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Тайыншада «Таза бейсенбі» акциясы өтті

«Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы аясында партияластар сенбілікке шығып, аудан орталығындағы Жеңіс саябағын ретке келтірді.
⠀
Шара барысында саябақ қоқыстан тазартылып, жиектастар әктеліп, мемориалдық ескерткіш толығымен ретке келтірілді. Бұл іс-шара Жеңіс күні мерекесі қарсаңында айрықша маңызға ие.
⠀
— Соғыста қаза тапқан батырлардың рухын еске алу – біздің қасиетті міндетіміз. Ескерткіштерді абаттандыру – бұл өткен тарихқа деген құрмет және жас ұрпаққа берер үлгі. Біздің партия бұл бастаманы әрқашан қолдайды. Себебі патриоттық сезім осындай шағын істерден бастау алады, — деді «AMANAT» партиясының Тайынша аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мереке Хамзин.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *