Бокс: Наталья Богданов — Әлем кубогының жеңімпазы
Финалда Наталья аустралиялық Лекейша Перголитимен қолғап түйістірді. Бірінші раунд қазақстандық боксшының пайдасына аяқталса, одан кейін де қарсыласының басымдығы байқалды. Шешуші раундта Наталья соққыны көбірек жұмсауға тырысты.
Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Наталья Богданова 1999 жылы дүниеге келген. 2025 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2022 жылы Жазғы Азия ойындарында үздік үштіктен көрінді.

Бұл — ел құрамасы қоржынына түскен бесінші алтын медаль.
Облыс әкімі жерлесіміздің жарқын жеңісімен әлеуметтік желіде құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
— Бұл – тек жеке жетістік емес, ел мерейін асырған үлкен жеңіс! Наталья мен бапкерлеріне жаңа биіктер мен жарқын жеңістер тілеймін! Маңызды жеңіс құтты болсын! — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

