СҚО-да мемлекеттік қызметте кадр тапшылығы байқалады
Облыстың мемлекеттік қызмет саласында 4 мыңға жуық өңір тұрғыны жұмыс істейді. Дей тұрғанмен, әлі де кадр тапшылығы байқалады. Ол шамамен 355 қызметкерді құрап отыр.

Айта кету керек, облыста 474 мемлекеттік орган бар. Оның — 362-сі жергілікті деңгейдегі мекемелерді жатқызуға болады. Ондағы қызметшілердің жасы орта есеппен — 41-ді құрайды. Басым бөлігің еңбек өтілі 12 жылдан асады. . Орташа есеппен қызметшілердің жасы – 41, ал еңбек өтілі — 12 жылдан жоғары.
Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мәліметінше, басшылыққа тағайындау тұрғысында мерократия қағидаты қолданылады. Оның негізінде қызметкерлердің өсу сатысы қалыптасқан. Ол 70 пайызды құрап отыр.
Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 64 %-ын әйелдер құрайды. Сот саласында бұл көрсеткіш — 72 %, ал құқық қорғау жүйесінде — небәрі 15 %. Екі әйел аудан әкімі болса, 32-сі ауылдық округ әкімдігін басқарады.

