Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО прокурорлары цифрлық ортада жұмысты қолға алмақ

Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов «Кселл» АҚ ұялы байланыс операторымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім «Балалық шақтың цифрлық күзеті» жобасын іске асыру шеңберінде жасалды және кәмелетке толмағандардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Меморандумға сәйкес тараптар Интернет желісінде заңсыз контенттің таралуын анықтау және жолын кесу, ақпарат алмасу, сондай-ақ зиянды онлайн-ресурстарға қол жеткізуді шектеу жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.
Келісімге қол қою прокуратура органдарының балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз цифрлық орта құру жөніндегі жүйелі жұмысының қисынды жалғасы болды.
Бастаманы іске асыру қадағалау органы мен байланыс субъектілері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетігін құруға мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *