Әлеуметтік көңіл күй тұрақты
Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтік зерттеу қорытындысы жарияланды. Зерттеуге қатысқан респонденттердің 79,4 пайызы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды.

— Маусым айындағы зерттеу ел дамуына қатысты бағалардың тұрақты екенін көрсетіп отыр. Бұл таңдалған бағытқа қатысты қоғамда консенсус сақталып, әлеуметтік көңіл-күйдің орнықты екенін көрсетеді. Респонденттердің басым бөлігі (79,4%) ел дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды. Пікірлердің оң серпіні әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты да байқалады. Маусым айында респонденттердің 73,6%-ы бұл жағдайға оң баға берген. Бұл үрдіс халықтың қазіргі ахуалды қабылдауында тұрақтану үдерісі жүріп жатқанын көрсетеді, — делінген аталған институт таратқан ақпаратта.
Зерттеуге қатысушылар саяси жағдайды да негізінен оң бағалайды. Респонденттердің 76,2 пайызы қазіргі жағдайға қанағаттанатындарын білдірген.
Қоғам тарапынан берілген жоғары оң баға көбіне саяси, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлардың жиынтығына байланысты. Олардың қатарында ЖІӨ-нің 6 пайызға өсуі, жаңа инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың салынуы мен іске қосылуы, ТКШ және көлік инфрақұрылымын жөндеу мен жаңғырту жұмыстары бар.
СҚО прокурорлары цифрлық ортада жұмысты қолға алмақ

