Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да полицейлер аңшыларға қару қауіпсіздігі туралы еске салды

Әрбір қазақстандық азаматтық қару сатып алмас бұрын, онымен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін меңгергенін растауы тиіс. Дегенмен, жедел-профилактикалық іс-шаралар мен рейдтер барысында полицейлер қаруды сақтау немесе тасымалдау талаптарының бұзылуын анықтап жатады.

Қару иелерінің тәртібін нығайту мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево кентінде аңшылармен кездесу өткізді. Жиынға 50-ге жуық адам қатысты. Қазіргі таңда облыста тұяқты жануарларға аңшылық жасау рұқсат етілген.

Алдағы уақытта су құстарына аңшылық маусымы ашылады. Осыған байланысты алдын алу шараларының маңызы арта түсуде. Полицейлер қару иелері тарапынан жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі — сейфте қарудан бөлек бөгде заттарды: ақша, құнды бұйымдар мен құжаттарды сақтау екенін атап өтті. Бұл заңмен қатаң түрде тыйым салынған. Қару қолданудағы қауіпсіздік талаптарын сақтау – аса маңызды.

Аң аулау кезінде қаруды жинаулы, қапталмаған күйде және, әсіресе, оқталған түрде тасымалдау — өрескел бұзушылық әрі жазатайым жағдайға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, қаруды мас күйде алып жүру, сондай-ақ аңшылық шаруашылықтарының аумағына мас күйінде бару қатаң түрде тыйым салынатыны ескертілді.

Полицейлер тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске салды. Бұған дейін осындай түсіндіру жұмыстары Мамлют ауданының аңшыларымен де өткізілген болатын.

Әлеуметтік көңіл күй тұрақты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *