Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Учаскелік полицей көмекке келді

Қызылжар ауданында полицейлер қиын жағдайға тап болған ана оның жасөспірім қызына көмек көрсетті. Ауыл тұрғыны учаскелік инспекторға жүгініп, өзіне және қызына күйеуінің ұдайы жанжал шығаруынан қорғауды сұрады.

СҚО ПД мәліметінше, ер адам бұған дейін бірнеше рет отбасылық құқық бұзушылықтар үшін жауапқа тартылған. Әйел адамның ажырасуына тұрғын үйдің жоқтығы мен материалдық тәуелділік кедергі болған. Жағдайды саралаған учаскелік инспектор әйел мен оның қызын аудан орталығына жеткізді. Онда олармен тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының аға инспекторы Әйгерім Аубакирова айналысты.

Әйгерім Аубакирова бірқатар ұйымдарға жүгініп, тиімді шешім қабылдады: Қызылжар ауданындағы кәсіпорындардың бірінде жатақханамен қамтамасыз етілген жұмыс орны табылды. Полицейлер жұмыс берушінің тарапынан қолайлы жағдай жасалғанына өз көздерімен көз жеткізді. Кәсіпорында қауіпсіздік қызметі бар, олар әйелді бұрынғы күйеуі іздеуі мүмкін екенінен хабардар. Оның үстіне, бұл азаматқа қатысты қорғаныс ұйғарымы шығарылған. Егер ол талаптарды бұзып, отбасы мүшелерімен байланыс орнатуға тырысса, заң алдында жауап береді.

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық құрсауынан құтылудың алғашқы қадамы – мамандарға жүгіну екенін атап өтеді.

Жол сапасы партиялықтардың назарында

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *