Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да жол апаты 2 адамның жанын құшты

Облыста қыркүйектің 1-і күні тас жолда қайғылы оқиға орын алады. Үш көліктің қатысуымен жол апатында екі адамның өмірі қиылды.

СҚО ПД мәліметінше. жол апаты Қызылжар ауданы Краснознаменное ауылы маңында болды. «Chevrolet», «Mazda» және «Lexus» автокөліктері соқтысып, екі адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Тағы бес адам түрлі дене жарақатын алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендердің екеуі қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары тұрақсыз, өте ауыр. Екі науқас жарақат бөлімінде ем қабылдауда. Олардың да жағдайлары ауыр. Барлығына керекті ем көрсетілуде. Түрлі дене жарақаттарын алған.

— Бір азамат жол апатынан кейін Мамлют аудандық ауруханаға жеткзілді. Жағдайы орташа. Оны бүгінгі таңда қалалық көпбейінді ауруханаға ауыстыру қарастырылып жатыр, — дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлауқызы.

Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *