Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының учаскесінде 16 зауыт салынады

Облыс әкімі «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының №3 субаймағындағы инженерлік инфрақұрылым құрылысын тексерді.

№3 субаймақ 160 гектар аумақты қамтиды. Мұнда 16 зауыт орналаспақ, сегіз зауыттық құрылысы қарқынды жүргізілуде.

— Бұл жобалар өңір экономикасының дамуына серпін беріп қана қоймай, мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Өндіріс орындарының уақытылы іске қосылуы инженерлік инфрақұрылымның қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Сондықтан біздің мақсат — зауыттардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасау»,- деді өңір басшысы.

Қазіргі таңда субаймақ аумағы су және электр қуатымен қамтылған. Жыл соңына дейін жылу желілеріне қосу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар автокөлік жолдарын салу, нөсерлік кәріз жүйесін орнату және көше жарықтандыру желілерін тарту жұмыстары жалғасуда.

Жыл соңына дейін жылдық өндірістік қуаттылығы 2,4 мың тонна болатын саңырауқұлақ фермасы мен 4 мың тонна өнім шығаратын компост зауытының іске қосылуы жоспарланып отыр. Аталған жобалар өңіріміздің ғана емес, шекара маңындағы аймақтардың да саңырауқұлақ өніміне деген сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жол апатынан екі полицей көз жұмды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *