Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 200-ге жуық есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталды

Полицейлер синтетикалық есірткіні сату күдігімен 32 жастағы петропавлдықты қолға түсірді. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен 48 грамнан астам α-PvP және 23 грамнан астам мефедрон тәркіленді. Сондай-ақ ер адам интернет-дүкеннің “кураторы” көрсеткен орыннан 500 грамнан астам осындай есірткіні алуы тиіс болған, ол жерден де полицейлер қауіпті заттарды анықтады.

Бұл жағдай қылмыстың бастапқы кезеңінде әшкереленген оқиғалардың бірі болды. Күдікті әлеуметтік желілерде қосымша табыс туралы жарнаманы көріп, синтетикалық есірткі таратушы болуға келісім бергенін, “оқытудан” өткенін айтты. Алайда қылмыстық пиғылын жүзеге асыра бастаған сәтте ол полицейлердің қолына түсті. Уәде етілген сыйақыны алуына мүмкіндік болған жоқ. Сот күдіктіні 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

Жалпы 8 ай ішінде СҚО-да полицейлер 196 есірткіге қатысты құқық бұзушылықты анықтады, оның 94-і сату дерегі. Заңсыз айналымнан 475 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді, оның ішінде 4 келіден астамы синтетикалық есірткі.

Бокс: Наталья Богданова — жартылай финалда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *