Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Қызылжар» футбол клубы жеке кәсіпкердің иелігіне өтеді

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби клубтар жеке кәсіпкерлердің қолына өтіп, бизнес есебінен қаржыландырылуы тиіс екенін атап өткен еді. Бұл ретте, жергілікті «Қызылжар» клубы да мемлекеттік бюджеттен ажыратылмақшы. 

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпаратынша, 2028 жылдан бастап «Қызылжар» клубы толғымен бизнесменнің сенімгерлік басқаруына беріледі.

— Бүгінде футбол клубы жергілікті атқарушы билік есебінен күн көріп отыр. Қомақты қаражат бұл командағы бағытталып жатқаны белгілі. Кәсіпкердің иелігіне өткен соң, өзге спорт түрлеріне бөлінетін қаражат көбейетіні сөзсіз, — деді басқарма басшысы Қарлығаш Рамазанова.

Биыл да өңір бюджетінен «Қызылжар» клубын қаржыландыруға 2 млрд. теңгедей қаражат бөлінді. Әзірге, команда бөлінген қаржыны ақтамай, жарыс кестесінің бел ортасынан көтерілер емес.

СҚО-да 200-ге жуық есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *