Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да көмір бағасы қандай?

СҚО-ға қыркүйек айында ғана 862 вагон түрлі маркалы көмір жеткізеді деп күтілуде. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдеді. Петропавлдағы тұйықтарда қазір 2 284 тонна, аудандарда 53 мың тонна қатты отын жатыр. 

– Облыс бойынша көмір сататын 35 орын бар, 44 кәсіпкер айналысады. Тұрғындарға жылыту маусымына 409 мың тонна көмір қажет болса, қазір соның 267 мың тоннасын немесе 65%-ын түсіріп алды. Бюджеттік ұйымдар толық қамтылды, — дейді басқарма басшысының орынбасары Қуандық Шақубаев.

Тұрғындар арасында Шұбаркөл мен Қаражыра көміріне сұраныс жоғары. Бұлардың бағасы да басқаларына қарағанда қымбат. 18 мың теңгеден басталып, 25 мың теңгеге дейін жетеді.

– Өткен жылмен салыстырғанда көмір бағасы өсіп отыр. Екібастұз көмірі – 5,6%, Шұбаркөл – 15,6%, Қаражыра – 13,5%, Майкөбе көмірі 12,7%-ға өсті. Бағаға көмір жатқан тұйықтың орналасуы да әсер етеді, — дейді Қуандық Шақубаев.

Басқарманың мәліметінше, қазір өңірге 154 вагон көмір келе жатыр. Жалпы осы айда 862 вагонмен 59 тонна түрлі маркалы көмір жеткізілмек.

СҚО-да 2028 жылы қалайыны өндіру жұмыстары басталады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *