720 шетелдік азаматқа заңсыз жеке сәйкестендіру нөмірлері берілді
Облыстағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында 720 шетел азаматына жеке сәйкестендіру нөмірлері заңсыз рәсімделді. Заң бұзушылықты өңір прокурорлары анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды. Ал, өзге ел азаматтарына берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күші жойылатын болады.
— Биыл 3-ші шілдеде қадағалау органының материалдары бойынша Петропавл қаласының және М.Жұмабаев ауданының полиция органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабы 2-бөлігі «Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады.Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында,- деп хабарлады құзырлы орган.
Әлем чемпионына көлік табысталды

