Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы гараждардың бірінен 150 патрон табылды

Петропавлдағы гараждардың бірінен өткен ғасырға тиесілі патрондар табылды. Полицияға оқ -дәріні 89 жастағы қария тапсырды.

Қария гаражын жинау барысында кеңес дәуірінде шығарылған оқ-дәрілерді анықтаған. Калибрі 5,6 миллиметрлік атыс қаруына арналған 150 оқ-дәрі жәшікте болған. Ол патрондарды полицияға тапсырды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл спорттық-аңшылық қару мен оған арналған оқ-дәрілер екен. Ол кезде мұндай заттарды сақтауға рұқсат қажет болмапты. Сондықтан осындай олжалар ескі нысандардан табылып жатады. Бүгінде тіркелмеген ойық ұңғылы қару мен оған арналған оқ-дәрілерді сақтау – қылмыстық жауапкершілікке, ал тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды сақтау – әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

Қауіпті заттарды анықтаған кезде ерікті түрде ішкі істер органдарына тапсыру керек. Биыл Солтүстік Қазақстанда заңсыз айналымнан 139 тіркелмеген қару бірлігі тәркіленді.

Биыл Копай шағынауданында көпқабатты үй беріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *