Петропавлға Қорғаннан қонақтар келді
Қорған облысының регубернаторы Вадим Михайлович Шумков бастаған ресми делегация біздің облысқа сапармен келді. Екі жақты кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту сұрақтары талқыланып, ұсыныстар айтылды.
Одан бөлек делегация өңірдің экономикалық және инвестициялық әлеуетімен танысып, бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды аралады.

Екі өңір арасындағы ынтымақтастық терең тарихи тамырға ие және жылдан-жылға оң серпін көрсетіп келеді. Мәселен, соңғы бес жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы 1,6 есеге өсіп, 694 миллион АҚШ долларына жетті.

Әлеуеті жоғары бағыттардың бірі — тұқым шаруашылығы. Бүгінде аймаққа әкелінетін тұқымның шамамен 30%-ы Құрған облысынан жеткізіледі. Сонымен қатар, машина жасау саласында және басқа да өндірістік бағыттарда мүмкіндіктер қарастырылып жатыр.

