Петропавлда оқушыға құтқарушылар көмекке келді
Петропавлда 14 жастағы қыз саусағына киген жүзігін шеше алмай, дәрігерлерге жүгінген. Ал аурухана мамандары құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған.

Құтқарушыларды облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігелері шақырған. Олар 14 жастағы қыздың саусағындағы жүзікті шешеуге көмек сұрапты. Медициналық мекемеге жеткен төтенше жағдай мамандары арнайы құралдың көмегімен сақинаны шешіп алған.
Сонымен қатар, 112 қызметінің мамандары Караван көшесіндегі үйді өрттен аман алып қалды. Жер үйдің шатыры түтіндей бастаған. Өрт сөндірушілер шатырдағы пеш мұржасының айналасындағы ағаш арқалықтардың түтіндеп жатқанын көреді. Олар жедел әрекет етіп, тілсіз жауды ауыздықтапты.Осылайша баспананы оттан сақтап қалды.

