Жарияланған күні: 11.10.2025
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік өтті
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында облысымызда ауқымды экологиялық акция өтті.

Шараға жастардан бастап аға буын өкілдеріне дейін, барлық жастағы тұрғындар белсенді қатысты.
— Біз бірге М.Жұмабаев атындағы саябақта 100-ден астам ағаш отырғыздық.Жалпы акция аясында облыс көлемінде 23 мыңнан астам адам қатысып, 10 000-нан астам ағаш егілді. Жалпыұлттық акция аясында жыл басынан бері өңірде 120 мыңнан астам ағаш отырғызылды,- деді өңір басшысы.

