Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да қытайлық инвестор құрама жем өндірісін қолға алмақ

Қытайлық «Xian AiJu cereals Oil Industry Group Co., Ltd.» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында қуаты 300 мың тонна құрама жем өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды тілшіміз.   

Кәсіпорынды  тұрғызу жобасы бір жылдың ішінде іске асатын болады.  Инвестиция көлемі 16 миллион АҚШ долларын құрайды. Сәтін салса зауытта жаңадан 50 тұрақты жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр.

Зауыт ұсақ мал және құс үшін құрама жем өндірумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын болады. Кәсіпорынның жұмысы жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін сатуға қосымша мүмкіндік береді.

 «AiJu» компаниясы 2016 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келеді, ел экономикасына 9,4 млрд теңгеден астам қаржы құйды.  Қытайлық инвесторлар бұған дейін бір жобаны – Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында өсімдік майын өндіретін зауыт салуды жүзеге асырған болатын, енді Қазақстандағы қызметті кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл жоба Қытай мен Қазақстан арасындағы ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы ұзақ мерзімді әріптестіктің тағы бір дәлелі болып табылады», деді KAZAKH INVEST өңірлік өкілі Данияр Шалабаев. 

Компания өнімді жергілікті нарықта сатуды, аймақтағы құрама жемге деген жоғары сұранысты қанағаттандыруды және жақын елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *