Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Су тасқыны кезінде үйлерінен айырылған петропавлдықтар баспаналы болмақ

Өткен жылы Заречный кентінің тұрғындары тасқын судан жапа шеккен болатын. Өкінішке қарай, дені баспаналарынан айырылды. Биыл қала әкімінің айтуынша, олардың мәселелері шешімін таппақ. 

Петропавлда ашық есік күні өткізіліп, бірқатар қала тұрғыны қала әкіміне бірнеше сұрақпен жүгінді. Олардың арасында Заречный кентінің тұрғындары да бар.

Көмекке жүгінгендердің қатарында 84 жастағы Галина Дубровская болып отыр. Зейнеткер 2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен. Кейін әкімдік баспанасын жөндеу үшін жеті млн теңгеден артық ақша аударыпты. Ол кезде қасында қызы Женя болып, құжаттардың бәрін реттестіріп жүрген. Кейуананың өтінішін қала әкіміне көршілері жеткізді. Олар қала әкімі Серік Мұхамедиев пен жауапты мамандардың ашық есік күнін өткізетінін біліп, арнайы келген.

— Галина қазір жалғыз тұрады. Қызы су тасқынынан кейін уайымға салынып, ауырып, көз жұмды. Қазір 84 жастағы зейнеткердің жер үйде тұруы қиын. Жөндеу жұмыстарына әкімдік берген ақша солай есеп шотта жатыр, оны жұмсаған жоқ. Барлық келісім шарт, құжаттар бар. Қала әкімдігі Галинаның үйін өз атына алып, орнына басқа баспана берсеңіздер,-деп өтінді көршілері.

Тұрғындардың сөзінше жалғызбасты зейнеткер мүгедек екен. Сондықтан жүріп-тұруы қиындай түскен. Қарттардың өтінішін тыңдаған қала әкімі Серік Мұхамедиев оларға жақсы жаңалықты жеткізді. Заречный кентінің тұрғындарына жуырда жаңа пәтерлердің кілті табысталмақ.

Петропавлдың жаңа дизайн-коды қала құрылысы кеңесіне қатысушылардың көңілінен шықпады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *