Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Жуырда ғана облыстың ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері елордаға барып, өз тауарларын астаналықтарға саудалаған болатын. Енді міне, жергілікті кәсіпкерлер, ауыл азаматтары өз өнімдерін петропавлдықтарға ұсынды.

Дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Петропавлдың М.Жұмабаев көшесінде өтті. Сауда-саттық қаланың Жұмысшы кентінде де ұйымдастырылды. Орталық көшелердің бірінде азық-түлік, бал және сүт өнімдері саудаланса, шаһардың шеткер ауданында малға азық сатылды.

Биылғы жәрмеңкеге өңір аудандары қатысты. Жалпы сау-саттыққа 100-ден астам тауар өндіруші өз өнімін ұсынды. Сауда сөрелеріне 1200 тоннадан астам өнім қойылды. Олардың қатарында ет және сүт өнімдері, балық, көкөніс, бал, кондитерлік және өзге де тағам түрлері бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтық бағадан 10–15 пайызға төмен.

СҚО-да ЖРВИ-дің 5 мыңнан астам фактісі анықталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *