Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда қар шығару жұмыстары «ақылды» технологиялардың бақылауында болмақ

Петропавлда «Ақылды күзетші» автоматтандырылған жүйесі іске қосылып, қар тазалау жұмыстары заманауи технологиялардығң бақылауында болмақ. 

Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, жаңа технологиялар тазалық жұмыстарына жауапты мердігерлердің қызметін назарда ұстап, қар мен қоқысты шығару ісін назарда ұстамақ. Жаңа жүйе бөлінетін қаржыны үнемдеп, жұмыстардың жүйелі атқарылуын бақылайтын болады.

Белгілі болғандай, қоқыс полигонында жасанды интеллектпен жарақтандырылған камералар қойылып, олар арқылы көлік нөмірлері мен маркілері анықталады. Сондай-ақ жаңа технологиялар қардың мөлшері мен әкелінген жүктің түрі ажырататын болады. Жинақталған барлық ақпарат онлайн режімде және автоматты түрде есеп түрінде дайындалады.

Бүгінде қалада тест-режімінде қоқысты шығару жұмыстарын бақылайтын жаңа пилоттық жобаны іске өосты. Ол арқылы Петропавлдағы қоқыс контейнерлерінің толтырылу уақыты, ұсақ қалдықтардың жиналуы және қоқысты шығару графигін білуге болады. Жинақталатын ақпарат келесі қоқысты көлікпен әкету мерзімін белгілеу мақсатында пайдаланылуда.   

Қаладағы қоқыс алаңдарында 43 бейнебақылау камера орнатылған. Тың бақылау қондырғылары қоқыстың уақытылы шығарылуын бақылап, коммуналдық қызметтердің жұмысына оң ұсыныстар бермек. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *