Жарияланған күні: 10.11.2025
Петропавлда бірыңғай ахуалдық орталық ашылады
Петропавлдағы құрылатын бірыңғай ахуалдық орталық тұрғындармен кері байланыс орнатып жұмыс істемек. Ол «iKomek»-тің функциясын атқарғанымен, әкімдіктің жұмысын оңтайландырмақ.
— Бірыңғай ахуалдық-талдау орталығын құру қар тазалауды бақылауды, сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға мониторингін, жасанды интеллектісі бар қалалық камераларды біріктіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ көлік жүйесін, автожолдардың сапасын бақылау, ауа-райы мен жол жағдайларын талдау, қоғамдық орындардағы оқиғаларды тіркеу. Келешекте басқа бағыттарды да қамтуды жоспарлап отырмыз, — деп түсіндірді қалалық әкімдікте.

