Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жасөсіпірім төбелес кезінде жарақат алды

Қазанның 12-сі күні кешкі уақытта қалалық №1 полиция бөліміне облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан хабар түсті. Белгілі болғандай, төбелес кезінде жасөспірімнің бірі мұрнын жарақаттап алды. Дәрігерлер медициналық мекемеге 10-сыныпта оқитын 16 жастағы жасөспірім бет жарақатымен жүгінгенін алға тартты.

Дәрігерлер оның мұрнының жабық сынуын анықтаған. Полицияның мәліметінше, жасөспірім жарақатты бір күн бұрын «Дельфин» балалар спорт мектебінің аумағында болған төбелес кезінде алған. Құрдастар арасындағы сөзталас төбелеске ұласқан.

— Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Екі жасөспірім де профилактикалық есепке қойылды. Қазір оқиғаға қатысушылар мен куәгерлерден түсініктемелер алынып, қажетті тексерулер жүргізілуде, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, мектеп педагогтарымен бірлесіп, мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар күшейтілген. Полиция өкілдері бұл оқиға ерекше бақылауда екенін атап өтті.

«Солтүстік Қазақстан облысы – Қытай» атты бірінші инвестициялық бизнес-форумы өтті

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *