Петропавлда ХҚКО-ның 20 жылдығы аталып өтілді
Петропавлдағы Оқушылар сарайында салтанатты жиын өтті. Шара Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылуына 20 толуына орай ұйымдастырылды.
Осыдан 20 жыл бұрын республикада халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды. Алғашқы ХҚКО Петропавл қаласында, Әуезов көшесі 157 мекенжайында 2007 жылдың басында жұмыс істей бастады. Сол уақыттан бері 15 миллионнан астам азамат мемлекеттік қызметтерге жүгінген.
Іс-шара аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызмет көрсету сапасын арттырып, сервисті жетілдіруге елеулі үлес қосқан 78 үздік қызметкерді құрметтеу, еңбегін бағалау мақсатында марапаттар, медальдар, төсбелгілер мен алғыс хаттар табысталды.
Жиырма жыл ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарға қолайлы және сапалы қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік қызметтер жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Орталық алдағы уақытта да жаңа жобалар бастап, халыққа сапалы қызмет көрсетуді нығайтпақ.

