Қаланың жаңа дизайн-коды бекітіледі
Петропавлда қаланың бірыңғай архитектуралық және визуалды стилін қалыптастыруға бағытталған дизайн-кодты әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев айтты.

Петропавлда дизайн-код әзірлеу жұмысытары 20222 жылы басталған болатын. Ол кезде конкурс өтіп, жобаны әзірлеуге 75–85 миллион теңге бөлініпті.. Алайда сол уақытта дизайн-кодты заңды түрде бекітуге арналған нормативтік база дайын болмаған.
— 2024 жылы бұрынғы келісімшартты бұзып, жұмысты қайта бастадық. Жаңа ережелер бекітілгеннен кейін жобаның құны қайта есептеліп, шамамен 40–45 миллион теңге болып анықталды. Павлодарлық компания осы жұмысты қолға алды, – деді қала әкімі.
Әкім жобаның екі кезеңнен тұратынын атап өтті:
– нормативтік құжаттарды әзірлеу;
– магистральдық көшелерді безендіру бойынша ұсыныстар дайындау.

