Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда полицейлер мектеп, балабашаларды аралады

СҚО-да өткен «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығының» басты назарында – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі. Апталық аясында тәртіп сақшылары әртүрлі форматтағы алдын алу іс-шараларын ұйымдастырды. Іс-шараға балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

Жыл басынан бері облыс жолдарында болған 114 жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала қаза тауып, 131 бала жарақат алған. Олардың жартысына жуығы – жолаушылар, 36 жағдайда – жаяу жүргіншілер.

Полицейлер балаларға жол қозғалысының негізгі ережелерін түсіндіріп, бейнероликтер көрсетті. Балабақша тәрбиеленушілері үшін жас жол инспекторлары қойылымдары ұйымдастырды. Іс-шараларға жалпы 400-ден астам бала мен жасөспірім қатысты.

Аптаның шарықтау шегі – Жастар ресурстық орталығы мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің қолдауымен өткен «Біз өмірді таңдаймыз» флешмобы болды. Колледж студенттері Петропавлдың орталық алаңында шамдарын жағып, «Өмір»» деген сөзді жазып шықты. Осылайша олар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өмірдің әр секунды қымбат екенін еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«Заң менТәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.

Жұмысшы кентінде көпқабатты үйлер салынып, ортақ жылыту жүйесі іске қосылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *