Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдықтар бейінді мамандарға жүгіне алмайды: бұл мәселені кім шешеді?

Тұрғындар әдетте медициналық ұйымдарда кезекте тұруға, бейінді маманға жолдамалардың  берілмеуіне және тар мамандардың жетіспеуіне шағымданады. Пациенттердің мәселелерін қарап, оларды шешетін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ма, әлде денсаулық сақтау басқармасы ма? Бұл сұрақтың жауабын Қордың облыстағы филиал басшысы Айнагүл Давлетчина айтты. 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ директоры Айнагүл Хабдонғалиқызының айтуынша, халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру сынды сұрақтарға тікелей емдеу мекемесі немесе денсаулық сақтау басқармасы жауапты. Өкінішке қарай, халық бұл мәселелермен қордың филиалына шағымданады екен.

— Емханаларды, ауруханаларды медициналық кадрлармен қамтамасыз ету облыстың медициналық ұйымдары мен денсаулық сақтау басқармасының құзыретіне кіреді. Бұдан басқа, медициналық ұйымдар пациенттерді қабылдау кестесін жасайды, скринингтерді ұйымдастырумен айналысады, балаларды, жүкті әйелдерді, диспансерлік есепте тұрған пациенттерді патронажбен қамтудық амтамасыз етеді, сондай-ақ тар маманға және диагностикалық зерттеулерге жолдама беруді тек көрсеткіштер бойынша жүргізеді, — деді Айнагүл Давлетчина.

Спикердің сөзінше, егер пациентке гастроэнтеролог немесе кардиолог сияқты тар маманның көмегі қажет болса, учаскелік дәрігер жолдама беруге құқылы.

— Учаскелік дәрігер қосымша тексерулер, зерттеулер жүргізе алады және емделуші дәрігер тағайындаған жағдайда көрсеткіштер бойынша тар мамандарға жүгіне алады. Бұдан басқа, ҚР ДСМ №49 бұйрығына сәйкес кеңейтілген тәжірибе медбикесі консультативтік-диагностикалық қызметтерге (КДУ) қабылдауды өз бетінше жүргізе алады және жолдама бере алады, — дейді Филиал директоры.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *