Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлды қоқыстан тазартуға «ақылды» камералар көмектеспек

Петропавлда «ақылды» камералар стихиялық қоқыс үйінділерімен күресетін болады. Жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған құрылғылар көпқабатты үйлердің аулаларындағы проблемалы нүктелерді анықтап, толып қалған контейнерлерді интерактивті картада көрсетеді. Ақпарат мамандарға жедел жеткізіліп, мәселені дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары қоқыстың уақытылы әкетілмейтініне жиі шағымданады. Ал коммуналдық қызмет өкілдері, қаланы тұрғындардың өздері стихиялық қоқыс полигонына айналдырып жатқанын айтады.

Коммуналдық қызмет мамандарының сөзін мүлік иелері бірлестіктерінің төрағалары да растайды. Айтуларынша, тұрғындардың жауапсыздығынан ірі габаритті қалдықтарды шығару үшін қосымша қаражат төлеуге мәжбүр болатын кездер жиі кездеседі. Тіпті бейнебақылау да бұл жағдайға әсер етпейді. Жыл басынан бері қалада бес мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тұрғындар жазаны қатаңдату қажет деп санайды.

Қоқыс мәселесін ушықтырмау үшін Петропавлда жасанды интеллект элементтері бар 43 камера орнатылған. Жедел басқару орталығындағы интерактивті картада толып қалған контейнерлер нақты уақыт режимінде белгіленеді. Жүйе ақпаратты талдап, оны коммуналдық қызметтерге жедел жолдайды. Сонымен қатар қоқыс шығару кестесі де бақылауда.

Қазір жүйе тесттік режимде жұмыс істеп тұр. Жоба тиімділігін дәлелдесе, келесі жылы тағы екі жүзге жуық «ақылды» камера орнатылады. Ол кезде толып қалған контейнерлер туралы сигналдар тікелей коммуналдық қызметке түседі. Ал тәртіп бұзушылармен полиция айналыспақ, — дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Тимур Жұманов.

Петропавлға есірткі жеткізбек болған азамат ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *