Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ЖИ көмегімен мониторинг жүргізеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің басты салаларына ерекше назар аударғаны мәлім. Осы жолы Президент міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің дамуында тоқталды. Ол медицина саласына да жасанды интеллект технологияларын енгізу қажеттігін алға тартты. Бұл ретте, ЖИ бүгіндері емдеу мекемелеріне мониторинг жүргізу кезінде қолданылып келеді. Мұны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ СҚОФ директоры Айнагүл Давлетчина да айтуда.

Президент 2025 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингтің жаңа жүйесін қалыптастыруды тапсырған болатын.

–2025 жылғы 1 шілдеден бастап медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингілеу рәсімдері өзгертілді. Енді медициналық көмек көрсетудің сапасы мен көлеміне мониторинг экстерриториалдылық қағидаты және үш кезеңдік апелляция мүмкіндігін қолдана отырып, барлық 20 өңірүшін«Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғайжүйесі» ақпараттық жүйесі енгізілді. 

2025 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында бұл жоба Ақмола облысында пилотты түрде қолданылды. Форматты-логикалық бақылаудың қолданылуы таңдалып, қажет болған жағдайда ауытқуларды анықтау алгоритмдеріне өзгерістер енгізілді, анықталған ақаулар бойынша медициналық ұйымдардың қарсылықтарының негізділігі тексерілді. Яғни, Қордың бір АЖ-де мониторингтің барлық процестері біріктірілді. Бұрын мониторинг Денсаулық сақтау жүйесінің бірнеше платформаларында жүргізілген болатын, — деді Айнагүл Давлетчина.

Қор филиалының басшысы мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында ағымдағы мониторинг жүргізу кезінде экстерриториалдылық қағидаты енгізілді, яғни бір өңірде өнім берушінің мониторингін Қордың басқа өңір мамандары жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар ақпараттық жүйе арқылы қарсылық бере алады екен. 

— Ақпараттық жүйе енгізілуі мен ақауларды автоматты түрде анықтау мүмкіндігі айтарлықтай өсті, оның ішінде тіркеу фактілерін анықтау болып отыр. Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда тіркелу ақаулары 39 есеге өсті. Тамыз айында ақау жағдайлары азайды, соның ішінде тіркелу саны 5 есе азайды.Яғни, медициналық ұйымдар ақау жағдайларды одан әрі болдырмау үшін күнделікті қателіктермен жұмыс жасайды. Егер медициналық ұйым айына 200АЕК-тен астам тіркеуге рұқсат берсе, біз материалдарды құқыққорғау органдарына жібереміз.

Біздің облыс бойынша 200 АЕК-тен аса тіркелім жоқ. Қор бірыңғай жүйесін өзгерту бойынша жұмысты жалғастыруда. Осылайша,жасанды интеллект көмегімен Қор медициналық көмек көрсетудің 14 стандартын іске қосты.Сондай-ақ, ол AI көмегімен ақаулар мен бұзылуларды анықтаудың 350 алгоритмін енгізді,- дейді филиал директоры.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *