Қала тұрғыны үйінде екпе қойып, емханаға жүгінуге мәжбүр болды
Петропавл қалалық көпбейінді ауруханаға жамбасы іскен және өзін жайсыз сезінген әйел келіп түсті. 6 ай бұрын келіншек үйінде екпе қойғызған. Бір апта бұрын екпе орнында ауырсынуы күшейіп, терісі қызарған. Әйелде әлсіздік пайда болған.
— Сырқат басында өзі үйде емделген – жақпамай жаққан, қыздырған, нәтижесі болмаған. Ауруханада қарап-тексерген кезде жамбасында флегмона анықталды. Хирургтар оны кесіп, жуып, дренаж қойды – шамамен 30 мл ірің шықты, — дейді мамандар.
Дәрігерлердің айтуынша, үйде инъекция жасау, бір қарағанда оңай көрінуі мүмкін, бірақ бұл қауіпті. Өйткені стерильділік бұзылады, салдарынан инфекция кіреді. Екпе қойылатын емес, басқа жерге қойып, нервке зақым келтірілуі мүмкін.

Инфекция ұзақ уақыт сыр бермей, кейін адамға осы жағдайдағы сияқты зиянын тигізеді. Сондықтан екпені тек медицина қызметкері жасағаны дұрыс.
Петропавлда сегіз сыныптың оқушылары қашықтан оқу үрдісіне ауысты

