Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы 6 және аудандардағы 13 емхана МӘМС аясында қандай көмек көрсете алады?

Өкінішке қарай, кейбір азаматтар тегін медициналық көмекті алу қиын, оған көп уақыт пен күш кетеді деп есептейді. Осыған орай, емханаға не үшін бару керек және МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін қалай пайдалануға болатынын зерттеп көрдік.

Естеріңізге салсақ, облыста 52 денсаулық сақтау мекемесі МӘМС және ТКМКК пакеті аясында қызмет көрсетеді. 19-ы емхана болса, Петропавлда оның 6-уы шоғырланған.   

Емханада тіркелген азаматтарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) көрсетіледі. Бұл –медициналық көмектің базалық деңгейі. МСАК тіркелген тұрғындарды есепке алады, профилактикалық тексерулер өткізіп, флюорографияға түсіреді. Ауруларды ерте сатысында анықтауға, созылмалы науқастардың жағдайын бақылауға, асқынулар мен шұғыл госпитализацияны болдырмауға, жалпы халық денсаулығын тұрақты бақылауда ұстауға көмектеседі.

Сайып келгенде,  МСАК –сіздің учаскелік дәрігеріңіз және сіз тіркелген емханаңыз. Кез келген алғашқы шағымдар пайда болған кезде профилактикалық мақсатта немесе бақылау үшін сол жерге жүгінесіз. Сондықтан өзіңіздің қай емханаға тіркелгеніңізді және дәрігеріңіздің кім екенін білу маңызды. Негізгі сұрақтарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ СҚОФ баспасөз қызметі жауап беруге тырысты.

Учаскелік дәрігерге бару үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылу шарт па?

Жоқ. Пациенттер учаскелік терапевтке немесе жалпы тәжірибе дәрігеріне «cақтандырылған» мәртебесінің бар-жоғына қарамастан бара алады. Бірақ кейін МӘМС пакеті аясында бейінді мамандардың кеңесі немесе медициналық қызметтер қажет болса, «cақтандырылған» мәртебесін алу керек.

Бейінді мамандарға жазылу үшін неге учаскелік дәрігерге бару керек?

Бейінді мамандарға жазылу терапевт арқылы жүргізіледі. Себебі ол бастапқы тексеру жүргізіп, алдын ала диагноз қояды және әрі қарайғы тексерудің қажеттілігін анықтайды. Пациентті қай маманға жолдау керектігін шешіп, қажетті талдаулар мен зерттеулерге жолдама береді.Мұндай тәсіл өздігінен емделудің алдын алып, негізсіз жүгінулерді азайтады және пациенттердің ағынын оңтайландырады. Осылайша,бейінді мамандар өз көмегіне шын мұқтаж жандарға көбірек уақыт бөле алады.

 

Анализдер мен диагностикағажолдаманықалай алады?

Кез келген кеңес беру және диагностикалық қызметті емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол пациенттің жағдайын, шағымдарын және белгілерін қарайды. Егер тиісті көрсеткіштер болса, дәрігер зертханалық және өзге де зерттеулерге жолдама береді.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызмет алу үшін пациенттің «сақтандырылған» мәртебесі болуы шарт.

Медициналық қызметкерлер профилактика, диагностика, емдеу және оңалтудың ең тиімді әдістерін таңдау кезінде клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады. Талдаулар мен диагностикалық зерттеулерге жолдаманы тіркелген жеріңіздегі дәрігерден алуға болады. Әдетте бұл – терапевт, ол көрсеткіштер бойынша немесе профилактикалық тексеру аясында зерттеу тағайындайды.

Ауруханаға жатуүшін не істеу керек?

  • Тіркелген емханадағы дәрігерге жүгіну. Егер көрсеткіштер болса, маман тексеру жүргізіп, диагноз қою үшін қажетті зерттеулерді толық көлемде тағайындайды;
  • Емхана жағдайында қажетті минималды тексеруден өту;
  • Ауруханаға жатуға жолдамаалу. Медициналық ұйымды өз дәрігеріңізбен бірг етаңдай аласыз;
  • Ауруханаға жату талонын алу. Оларқылы «Емдеуге жатқызу бюросы» сайтында (https://bg.eisz.kz/) өз кезегіңізді бақылауға болады.

          Жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету (ЖТМК) үшін тіркелген медициналық ұйым профильдік маманның қорытындысына сүйене отырып, пациенттің құжаттарын ЖТМК жөніндегі комиссияға жолдайды.

Пациент тіркелген медициналық ұйым оған тиісті бейін бойынша осы қызметтерді көрсететін өзге ұйымды таңдау мүмкіндігі бар екенін хабарлауы тиіс.

          ЖТМК жөніндегі комиссия жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы бұйрығымен жасалады және пациентті тиісті медициналық ұйымға жолдау мәселесін шешеді. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) тізбесіне кірмейтін мамандандырылған медициналық көмек МӘМС жүйесінде немесе ақылы негізде көрсетіледі. Мамандандырылған көмектің көлемі, соның ішінде зертханалық және диагностикалық зерттеу әдістері, клиникалық хаттамаларға сәйкес айқындалады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына сәйкес).

 

Егер маған жолдама беруден бас тартса не істеу керек?

Егер пациенттің қандай да бір медициналық қызметке көрсеткіштері бола тұра дәрігер жолдама немесе көмекберуден бас тартса емханалар мен ауруханаларда құрылған Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне алады. Бұл қызмет «осында және қазір» қағидаты бойынша мәселелерді шешуге арналған.

Петропавлда есірткі таратқан азамат ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *