Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда дәрігерлік-дене шынықтыру диспансер салынбақ

Қалалық әкімдікте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Петропавлда дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерін салу мәселесі қозғалды. Жаңа орталық жас спортшылардың денсаулығын бақылап, спорттық жетістіктерді еселеуге мүмкіндік берері сөзсіз. 

Өкінішке қарай, қалада спортшылардың денсаулығын нығайтатын орталық жоқ. Салдарынан жарақат алған атлеттер өзге өңірлерге ем алып, қыруар қаражатты жұмсап келеді. Қоғамдық кеңесте біздің қалада мұндай диспансер салу мәселесі қаралып, нысанды тұрғынзу перспективалары талқыланды. 

Қоғамдық кеңестің мүшесі Болат Жақсылықтовтың айтунаш, қаламызда спортшылардың денсаулығын қадағалайтын бірде-бір мамандандырылған мекеме болса, спортта өңір атлеттері бұдан да биік белестерді бағындырар еді.

— Бұл мәселені 2021 жылдан бері көтеріп келемін. Әкімдікке, денсаулық сақтау басқармасына, спорт басқармасына да жаздым. Бәрі қызығушылық танытқанымен, ілгерілеу жоқ, – деді қоғамдық кеңес мүшесі Болат Жақсылықов.

Оның айтуынша, қалада диспансер ашуға мүмкіндік бар, бірақ әзірге кадр және жабдық мәселесі кедергі болып отыр. Болат Жақсылықов Kozybayev University-мен ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Онда дене шынықтыру және медицина факультеттері бар. Солардың базасында спорт дәрігерлерін даярлауға болады.

Кеңес мүшелерінің барлығы бұл бастаманы қолдады. Олар дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерін құру мәселесін облыстық қоғамдық кеңесте талқылауға бірауыздан шығаруға шешім қабылдады.

Петропавлдағы тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон жабылмайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *