Петропавлда МӘМС аясында өзге өңірлерден келген пациенттерге ота жасалды
Көпбейінді облыстық ауруханада урологиялық және гинекологиялық бейіндер бойынша шеберлік сағаты өті. Медициналық ұйымның мамандары елордалық және алматылық әріптестерімен Астана, Көкшетау, Қарағанды және Петропавл қалаларынан пациенттерге жамбас тамырларының склеротерапиясымен 8 гибридті эндоваскулярлық ота жасады.

2 күн ішінде 7 әйел мен 1 ер адамға ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастар өздерін жақсы сезінеді. Алдағы 5-6 күннің ішінде үйге жіберіледі.
– Әйелдерде жамбас варикозы диагнозы қойылды, ал ер адамда варикацель болды. Жоспарлы түрде пациенттерге ота жасалады. Біздің ауруханада жылына эндоваскулярлық әдіспен шамамен 40-50 мәрте мұндай хирургиялық шаралар жүргізіледі. Осы жолғы шеберлік сағатының ерекшелігі – бір пациентке бірден екі медициналық қызмет көрсетілді. Яғни эндоваслярлық араласу және склеротерапия өткізілді, — дейді көпбейінді облыстық аурухананың ангиография бөлімшесінің меңгерушісі Сергей Руцкий.
МӘМС жүйесінің арқасында бұл оталар сақтандырылған азаматтарға жүргізіледі. Мұндай медициналық көмек облыс тұрғындары ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындарына да қолжетімді.

