Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Елімізде салынған 58 тауарлы-сүт ферманың 21-і СҚО-да тұрғызылды

Солтүстік Қазақстан облысы заманауи сүт кешендерін енгізу бойынша көш бастап тұр. Өңірде 110 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді.

СКО входит в число аграрных регионов-лидеров

Бұл Қазақстандағы барлық ферманың 30% құрайды. 2023-2024 жылдары елімізде салынған 58 жаңа тауарлы-сүт фермаларының 21-і облыста іске асырылды. Биыл тағы 8 заманауи кешен қосымша енгізіледі.

— Облыста сүт шаруашылығында 2 ірі жоба жүзеге асырылуда. «Зенченко және К» командиттік серіктестігі тоқсан орындық «Карусель» сауу қондырғысы бар 8 мың басқа арналған ферма салады. Шаруашылық елдегі ең үздік алғашқы ондыққа кіреді және сүт сауу өнімділігі бойынша Қазақстанда 1-ші орында. Мағжан Жұмабаев ауданында «СК Агро» серіктестігі 100 бас сиырға «Карусель» бірегей сауу қондырғысы бар 10 000 басқа арналған Орталық Азия бойынша ең ірі ферма салады. Екі жоба бойынша сүт өндірудің жылдық өсімі 68 мың тоннаны құрайды. Бұл агроқұрылымдар өндіретін сүттің үлесін 70%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, — деді өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Жобаларды іске асыру өңірдің позициясын нығайтып, Солтүстік Қазақстан облысының республикалық сүт өндірісіндегі үлесін 20%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *