Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы Тайынша мен Ғ.Мүсірепов аудандарына дейін жетпек

Солтүстік Қазақстан облысы инвестициялар мен технологиялардың жаңа тартымды нүктесіне айналып келеді. Бұған дәлел, өңірде шетелдік инвесторлармен қолға алынып жатқан жобалар. Бүгіндері Петропавлдағы «Қызылжар» АЭА шекарасы аудандарға дейін жетуде.

СҚО әкімінің айтукынша, Үкімет шешімімен «Қызылжар» АЭА географиясы кеңейтіліп, Тайынша және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда екі субаймақ құрылды. Тайынша ауданы Қытай инвесторларымен жұмыс істеп келеді, мұндағы кәсіпорындар өнімдері Сиань қаласына экспортталады. Екінші субаймақ ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге және экспортқа бағытталған.

Өңірге ірі шетелдік компаниялар келе бастады. Қатарлық «Ультрадекор» 90 млрд теңгеден астам инвестициямен ДСП және ЛДСП зауытын салып жатыр, ресейлік «Бейкертон» 37,3 млрд теңгеге 380 жұмыс орнын құратын кондитерлік жобаны іске асыруда. Қытайлық «Чилу Агро» тракторлар мен ауылшаруашылық техникасын өндіруді бастайды, ал «Уралкран» жергілікті нарықтың сұранысын толық қамтамасыз ете алатын жүк-көтеру техникасы зауытын салып жатыр.

— Петропавлдық кәсіпкерлер де өз қаражатын өңір экономикасына құйып, жаңа жобаларды жүзеге асырып жатыр. Мәселен.  Дмитрий Шарапаев жылына 1 200 тонна саңырауқұлақ және 5 200 тонна компост өндіретін 11,3 млрд теңгелік саңырауқұлақ фермасы мен компост зауытын ашуға ниетті. Қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге бағытталған «Техноэкопарк» экологиялық жобасы іске асуға да дайын. Мұның бәрі Солтүстік Қазақстан облысы аграрлық қана емес, қуатты өнеркәсіп-инвестициялық және экологиялық орталыққа айналып келе жатқанын дәлелдейді, — дейді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *