Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Жас өркен» шағынауданында жаңа балабақшаның құрылысы жүріп жатыр

Петропавлдың «Жас өркен» шағынауданында жаңа балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру нысаны 80 пайызға дайын.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, балабақша 280 балаға арналмақ. Оның іске қосылуымен жергілікті мөлтектің балалары мектепке дейінгі орындармен қамтылады.

Айта кету керек, мектепке дейінгі мекеме екі қабаттан тұрады. Балабақша 2025 жылдың желтоқсан айында толық дайын болып, пайдалануға беріледі. Мерзімнің кейінге шегерілуі жоспарланбаған. Бас мердігер — «Основание» ЖШС. Жоба құны — 1,9 млрд. теңге болып отыр. 

Балабақша қызметі 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін толықтай мемлекеттік тілде жүргізілетін болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *