Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы тергеу изоляторында онлайн жүйе жұмыс істей бастады

Петропавлдағы тергеу изоляторында «Кезек –оnline» электронды жүйесі енгізілді. Тың жобаны облыстық прокуратура қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен жүзеге асырып отыр. 

Облыстық прокуратураның ақпаратынша, «Кезек-online» жобасы тергеу изоляторындағы кездесулерді қауіпсіз ету мақсатында жасалып отыр.

— Бұрын келушілер ерте келіп, қағаз толтырып, өз кезегін ұзақ күтетін. Енді келушілер өз уақыттарын жоғалтпайды. Өтініштер онлайн түрде беріледі және келісіледі, барлық бөлімшелер деректерді автоматты түрде алады, ал бастық өтінімді электронды түрде бекітеді, — дейді облыстық прокуратура мамандары.

Жаңа жүйе арқылы мекеменің жұмыс кестесі, мереке күндері, берілу шектеулері және келу ережелері туралы маңызды ақпарат көрсетілген.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *