Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл маңындағы полигон 99 пайызға толған

Петропавл қалалық мәслихаттың кезекті отырысы өтті. Жиында қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі талқыланды.

Белгілі болғандай, бүгіндері Петропавлдағы қоқыс полигоны 99 пайызға толған. Әзірге, жаңа нысан тұрғызу жоспарда жоқ. Бұл ретте, қалдықтарды сақтайтын орын әлі де өзегін жоймай отыр.


Ескі полигонда қалдықтарды сұрыптап, бөлек жинайтын механизм жоқтың қасы. Салдарынан түрлі қоқыс бір жерге тасталып сақталады.

Павель Афанасьевтің айтуынша, қалада қайта өңдеуге арналған дамыған инфрақұрылым жоқ. Десе де, қазіргі уақытта жаңа полигонның жобасы әзір. Тіпті қоқысты тастайтын орын да қарастырылған. Ол Якорь ауылы маңында орын таппақ.

— Жобалық сметалық құжаттың құны 8,6 млрд теңгені құрайды. Әзірге кім жобаны қолға алатыны белгісіз, — дейді Павел Афанасьев.

Жиында комиссия мүшелері ескі полигонды 2028 жылдың соңына дейін рекультивациялауды ұсынды. Жоспар бойынша аумаққа ағаштар, бұталар және басқа да өсімдіктер отырғызу көзделген. Бұдан бөлек, «Ақылды қала» бағдарламасы аясында қоқыс алаңдарын бақылау үшін камералар орнату ұсынылады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *